Алматыда майор сағызға тұншыққан қызды ажалдан алып қалды
Алматыда майор Хасен-Сұлтан Сәрсенбеков сағызға тұншыққан қызға алғашқы көмек көрсетіп, оның өмірін құтқарды.
Алматыда әскери қызметші сағызға тұншығып, тынысы тарылған қызға көмектесіп, оның өмірін сақтап қалды. Бұл оқиға 28 тамызда «Достық» дүкенінде болды.
Демалыста жүрген 97617 әскери бөлімінің дивизион командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, майор Хасен-Сұлтан Сәрсенбеков қыздың жағдайын байқап, дереу көмекке ұмтылды.
Майордың алғашқы көмек көрсетуінің арқасында қыздың тыныс алуы қалпына келді. Осылайша, оның жедел әрі сауатты әрекеті қайғылы жағдайдың алдын алды.
Әскери бөлім басшылығы Хасен-Сұлтан Сәрсенбековтің әрекетін жоғары бағалап, оның қиын жағдайда жедел шешім қабылдап, адам өмірін сақтап қалғанын атап өтті.




