Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

АҚШ Венесуэла мұнай қорының 65 млрд баррелін бақылауға алады

АҚШ Венесуэланың 65 млрд баррель мұнай қорын бақылауға алады. Трамп келісімді жария етіп, мұнай өндірісін қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

АҚШ Венесуэла мұнай қорының 65 млрд баррелін бақылауға алады
Сурет: baq.kz

Вашингтон Венесуэланың алып мұнай қорының едәуір бөлігін бақылауға алатынын ресми түрде жария етті. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.

Трамптың айтуынша, жеке бизнес өкілдерімен жасалған келісім аясында Венесуэланың дәлелденген мұнай қорының 65 млрд баррельден астамы АҚШ бақылауына өтеді. Бұл елдегі жалпы мұнай қорының шамамен бестен бір бөлігін құрайды.

Келісім америкалық компаниялардың Венесуэла мұнай өнеркәсібіндегі қатысуын айтарлықтай арттыруды көздейді. Вашингтон осы компаниялардың көмегімен елдегі мұнай өндірісін қалпына келтіріп, АҚШ мұнай өңдеу зауыттарына шикізат жеткізуді ұлғайтпақ.

АҚШ тарапы бұл қадам Венесуэлаға инвестиция тартуға және Америкадағы жанармай бағасын төмендетуге септігін тигізеді деп есептейді.

Венесуэланың уақытша басшылығы келісімді қолдап, оның ел экономикасы мен мемлекеттік кірістердің өсуіне мүмкіндік беретінін айтты.

Алайда Reuters агенттігі келісімнің жүзеге асуына құқықтық кедергілер мен Венесуэла мұнай инфрақұрылымының тозуы кедергі келтіруі мүмкін екенін ескертеді.