Роналду «Әл-Насрға» жеңіс әкелген гол соқты
Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында «Әл-Насрға» жеңіс әкелген гол соқты. Бұл оның ресми матчтардағы 978-голы болды.
Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында «Әл-Насрға» жеңіс әкелген гол соқты. «Әл-Наср» төртінші турда «Әл-Таавунды» 2:1 есебімен жеңді. Қонақтар 11-минутта есеп ашқанымен, бірінші таймның соңында Саму Кошта таразы басын теңестірді.
50-минутта Роналду шешуші голды соғып, командасына үш ұпай алып берді. Бұл 41 жастағы португалиялықтың клубтар мен ұлттық құрама сапындағы ресми матчтарда соққан 978-голы болды.
Енді Роналдуға мансабындағы 1000 голдық межеге жету үшін 22 гол қалды. Оның 832 голы клубтық деңгейде, 146 голы Португалия құрамасы сапында соғылған.




