Президент мемлекеттік басқаруды жетілдіру жөніндегі Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты хабарлады.
Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды. Бұл орган Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.




