Жітіқарада мас ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
Жітіқарада мас ер адам әйеліне пышақ жұмсап, оны қорғамақ болған 15 жастағы өгей ұлын өлтірді. Сот оны 23 жылға бас бостандығынан айырды.
Қостанай облысының Жітіқара қаласында мас күйіндегі ер адам жанжал кезінде әйеліне пышақ жұмсап, оны қорғамақ болған 15 жастағы өгей ұлын қастандықпен өлтірді.
Сот материалдарына сүйенсек, қылмыс 2026 жылдың сәуірінде орын алған. Ер адам әйеліне шабуыл жасағанда, жасөспірім анасын қорғауға тырысқан. Алайда өгей әкесі оның кеудесіне төрт рет пышақ сұғып, бала оқиға орнында қайтыс болған. Әйелді ағасы құтқарып қалған.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдірген. Сот алкогольдік масаң күйде қылмыс жасауды ауырлататын мән-жай ретінде ескерген.
Сот үкімімен ер адам 23 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды. Үкім әзірге заңды күшіне енбеген.




