Сәкен Бибосынов Намибиялық қарсыласын ұпаймен тізе бүктірді
Сәкен Бибосынов Астанадағы халықаралық бокс кешінде намибиялық Иммануэль Йозефті ұпаймен жеңді. Жекпе-жек сегіз раундқа созылды.
Астанада IBA Nomad лигасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан International Boxing Day халықаралық бокс кешінде тағы бір жекпе-жек аяқталды. Бұл жолы рингке Қазақстан құрамасының белгілі боксшысы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов шықты.
Оның қарсыласы Намибиядан келген тәжірибелі спортшы Иммануэль Йозеф болды. Йозеф — WBO Africa чемпионы, сондай-ақ бұған дейін WBA Asia East титулын иеленген. Жекпе-жек 52,1 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтіп, сегіз раундқа жоспарланған еді.
Боксшылар барлық раундтарды толық өткізді. Төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіс Сәкен Бибосыновқа берілді. Айта кету керек, бұл кездесуге дейін Иммануэль Йозеф алты жыл бойы жеңілісті сезінбеген. Намибиялық боксшы соңғы рет 2025 жылдың желтоқсанында рингке шыққан болатын.
Бұл жеңіс Сәкен Бибосыновтың халықаралық аренадағы кезекті маңызды жетістігі болды.




