Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге гүл сыйлауды міндеттемеуге шақырды

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге гүл сыйлауды ерікті іске айналдыруға шақырып, білім беру ұйымдарына ақша жинауды ұйымдастырмауды тапсырды.

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге гүл сыйлауды міндеттемеуге шақырды
Сурет: aikyn.kz

Қазақстандық оқушылар мен ата-аналарға мұғалімдерге гүл сыйлау ерікті болуы тиіс екені ескертілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мамандарының айтуынша, басты назар гүлдің көлеміне немесе құнына емес, баланың ұстазына деген құрметіне аударылуы керек. Сондықтан гүл сыйлау әр оқушы мен ата-ананың жеке шешімі болып қалуы қажет.

Ведомство білім беру ұйымдарына гүл немесе сыйлық сатып алуға бастамашылық жасамауды, ақша жинауды ұйымдастырмауды және бұл іс-әрекеттерді ата-аналарға міндеттемеуді тапсырды.

Министрлік өкілдері мектептегі алғашқы күнді даңғазасыз, жылы әрі тәрбиелік мәнде өткізуді мақсат ететіндерін жеткізді. Олар балаларды ұстазды құрметтеуге, қарапайымдылық пен ізгілікке тәрбиелеу керектігін атап өтті.