Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Түркістан облысы аграрлық өнім өндірісінде республикада көш бастады

Түркістан облысы 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында 458,8 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін өндіріп, республикада бірінші орынға шықты.

Түркістан облысы аграрлық өнім өндірісінде республикада көш бастады

Түркістан облысында Мемлекет басшысының аграрлық саланы әртараптандыру, инвестиция тарту, қайта өңдеуді дамыту және экспорттық әлеуетті арттыру жөніндегі тапсырмалары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

2026 жылдың қаңтар–шілде айларының қорытындысы бойынша облыста 458,8 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі 111,1 пайызды құрап, бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада бірінші орынға шықты.

Салаға инвестиция тарту бағытында да айтарлықтай өсім байқалады. Есепті кезеңде агроөнеркәсіптік кешенге 161,6 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге артқан.

Алматы қаласында ұйымдастырылған жәрмеңке Түркістан облысының аграрлық әлеуетін танытумен қатар, «егістіктен – сөреге дейін» қағидаты негізінде отандық өнімді тікелей тұтынушыға жеткізудің тиімді тетіктерінің бірі болып табылады.

Түркістан облысынан ауыл шаруашылығы өнімдерін тиеген көлік керуені Алматыға жетті. Жәрмеңке 29-30 тамыз күндері Абылай хан даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысында, Қазақ-британ техникалық университетінің алдында өтеді.