Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Жаңа оқу жылында 4,1 млн оқушы мектеп табалдырығын аттайды

2026-2027 оқу жылында Қазақстанда 4,1 млн оқушы білім алады. 380 мың бала бірінші сыныпқа барады. 1 қыркүйекте бірыңғай сынып сағаттары өтеді.

Жаңа оқу жылында 4,1 млн оқушы мектеп табалдырығын аттайды
Сурет: baq.kz

2026-2027 оқу жылында еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 млн оқушы білім алады. Биыл 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданады.

Жаңа оқу жылына дайындық аясында мектеп инфрақұрылымын жаңарту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оқулықтарды жеткізу және білім беру мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

1 қыркүйекте еліміздің мектептерінде бірыңғай сынып сағаттары өткізіледі. Ал колледждерде кураторлық сағаттар ұйымдастырылады, — деді Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, сынып сағаттары барлық сыныптарда өтеді. Әр іс-шараға шамамен 45 минут уақыт жоспарланған. Ал колледждерде кураторлық сағаттар ұйымдастырылады.