Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстандық дзюдошылар Лозаннадағы Grand Slam ширек финалында

Лозаннадағы Grand Slam турнирінде Қазақстаннан екі дзюдошы ширек финалға шықты.

Қазақстандық дзюдошылар Лозаннадағы Grand Slam ширек финалында
Сурет: aikyn.kz

Лозаннада дзюдодан Grand Slam турнирі басталды. Алғашқы күні-ақ Қазақстан құрамасының екі спортшысы ширек финалға жолдама алды.

60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов 1/8 финалда швейцариялық Давид Гоштан басым түсті. Енді ол жартылай финалға шығу үшін Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері, франциялық Лука Мхеидземен күш сынасады.

66 келіге дейінгі салмақта Ақылжан Жұбатқанов тәжікстандық Искандар Махмадходжазаданы жеңіп, ширек финалға өтті. Оның келесі қарсыласы — ресейлік Рамазан Абдуллаев.

Ал Талғат Орынбасар (60 келіге дейін), Нұрқанат Серікбаев (66 келіге дейін) және Дана Әбдірова (57 келіге дейін) жарысты ерте аяқтады.