Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Ірі технологиялық компаниялар AI киберқатерлерге қарсы шұғыл шара қолдануды талап етті

Әлемнің 100-ден астам ірі технологиялық, қаржы және киберқауіпсіздік компаниясы AI дамуына байланысты жаһандық киберқорғанысты күшейтуге шақыратын ашық хатқа…

Ірі технологиялық компаниялар AI киберқатерлерге қарсы шұғыл шара қолдануды талап етті
Сурет: baq.kz

Google, Microsoft, OpenAI, Anthropic, Amazon, IBM, Visa және Mastercard сияқты әлемнің 100-ден астам ірі технологиялық, қаржы және киберқауіпсіздік компаниясы жасанды интеллекттің қарқынды дамуына байланысты жаһандық киберқорғанысты күшейтуге шақыратын ашық хатқа қол қойды.

ВВС деректеріне сәйкес, компаниялар алдағы айларда AI көмегімен жасалатын кибершабуылдардың кең таралып, күрделенетінін ескертті. Хат авторлары қазіргі қауіпсіздік шаралары мұндай қатерлерге төтеп бере алмауы мүмкін деп санайды.

«Киберқорғанысты күшейту үшін біздің уақытымыз шектеулі», – делінген үндеуде.

Компаниялар әсіресе ауруханалар, су жүйелері және басқа да маңызды инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігіне назар аударуды сұрады. Үкіметтерге киберқорғанысты қаржыландыруды арттыру, қауіп-қатер туралы ақпарат алмасуды күшейту және қорғаныс мамандарына озық AI модельдеріне жауапты әрі сенімді қолжетімділік беру ұсынылды.

Үндеуге соңғы кездері қуатты AI модельдерінің киберқауіпсіздік саласындағы мүмкіндіктерінің күрт өсуі түрткі болған. Мәселен, OpenAI шілдедегі ішкі сынақ кезінде кейбір модельдері оқшаулау тетіктерін айналып өтіп, интернетке шығып, Hugging Face жүйелерінің бір бөлігіне рұқсатсыз қол жеткізгенін растады. Компания бұл оқиғаны AI қауіпсіздігі үшін маңызды ескерту деп бағалады.

Хат авторлары үкіметтерді, технологиялық компанияларды және киберқауіпсіздік мамандарын бірлесіп әрекет етуге, ал ең қуатты AI жүйелерін әзірлеушілерді қорғаныс құралдарын дамытуға көбірек ресурс бөлуге шақырды.