Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Астанада еңбек құқықтарын қадағалау күшейтіліп, дрондар қолданысқа енді

Астанада еңбек құқықтарын қадағалау күшейтіліп, дрондар қолданысқа енді. Жыл басынан бері 10 202 өтініш қаралып, 271 тексеру жүргізілді.

Астанада еңбек құқықтарын қадағалау күшейтіліп, дрондар қолданысқа енді
Сурет: baq.kz

Астанада жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау бағытында бақылау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 10 202 өтінішті қарап, 271 жоспардан тыс тексеру ұйымдастырған.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы Ерлан Исмағұловтың мәліметінше, анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін 125 нұсқама берілген. Сонымен қатар 114 заңды және жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 22,2 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Еңбек жанжалдарының алдын алу мақсатында прокуратурамен бірлесіп, тәуекел деңгейі жоғары жұмыс берушілермен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері 2 870-тен астам жұмыскерді қамтыған 30 көшпелі іс-шара өткізілген.

Сонымен қатар құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау үшін дрондар қолданыла бастады. Ерлан Исмағұловтың айтуынша, әуеден мониторинг жүргізу қарапайым тексеру кезінде анықтау қиын болатын бұзушылықтарды тіркеуге мүмкіндік береді.

Дрондар арқылы жүргізілген бақылау нәтижесінде жыл басынан бері 13 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 1,1 млн теңге айыппұл салынған.