Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Түркістанда жастар хоккейінен Қазақстан кубогы басталды

Түркістанда жастар арасындағы хоккейден Қазақстан кубогының топтық кезеңі өтіп жатыр. 13 команда үш топқа бөлініп, «Turan Tigers» өз алаңында бақ сынауда.

Түркістан қаласында жастар арасындағы QAZAQSTAN KUBOGY хоккей турнирінің топтық кезеңі өтуде.

Биылғы жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 13 команда қатысып, олар үш топқа бөлінген. Кубок ойындары Павлодар, Теміртау және Түркістан қалаларында ұйымдастырылуда.

Түркістан «С» тобын қабылдады. Бұл топта «Торпедо» (Өскемен), «Құлагер» (Петропавл), «Алматы» және «Turan Tigers» (Түркістан) клубтары бақ сынауда.

Топтық кезеңнің алғашқы ойыны «Торпедо» мен «Құлагер» арасында өтті. Кешкі 19:00-де алаң иелері «Turan Tigers» Алматының «Алматы» командасымен кездесті. Тартысты ойынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, спортшыларға қолдау көрсетті.

Бұл кездесу түркістандық жанкүйерлер үшін ерекше мәнге ие, себебі «Turan Tigers» өз алаңында Қазақстанның жастар арасындағы беделді кубоктарының бірі үшін күреске кірісті.

Турнирдің келесі ойындары да «Мұз сарайында» өтеді. 28 тамызда «Turan Tigers» «Торпедомен», ал 30 тамызда «Құлагермен» соңғы топтық ойынын өткізеді.

Алдын ала кезеңнің қорытындысы бойынша үздік командалар шешуші кезеңге жолдама алады. Жартылай финалдар мен финал 2-3 қыркүйекте Теміртау қаласында өтеді.