Елордада ұсақ бұзақылық жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды
Астанада құқық бұзушы ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол 43 жастағы елорда тұрғыны, Ақмола облысының тумасы Тимур Жунусов болып шықты.
Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция хабарламасында: «Қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың ар-намысы мен тыныштығына нұқсан келтіретін әрекеттерге міндетті түрде заң аясында тиісті шара қолданылады», — делінген.




