Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Тоқаев Ердоғанның Түркиядағы жоғары деңгейдегі кездесулерге шақыруын қабыл алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның Түркияда өтетін жоғары деңгейдегі кездесулерге шақыруын қабылдады. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты талқылады.

Тоқаев Ердоғанның Түркиядағы жоғары деңгейдегі кездесулерге шақыруын қабыл алды
Сурет: inform.kz

Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Түркия Президенті бұл тарихи оқиға Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететінін атап өтті. Ол сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастықты жандандыруды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жылы лебіздері және халықаралық ұйымдар аясындағы түрік байқаушылар миссиясының белсенді жұмысы үшін Ердоғанға алғыс білдірді.

Мемлекет басшысы елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформалардың заманауи және әділетті Қазақстан құруға бағытталғанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың мызғымас достық пен кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында даму қарқыны жоғары бағаланды.

Тоқаев Түркия Президентінің мамыр айындағы Астанаға мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың маңыздылығын ерекше атады.

Тараптар алдағы халықаралық іс-шаралар кестесін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның биыл Түркияда өтетін жоғары деңгейдегі бірқатар кездесуге шақыруын ықыласпен қабылдады.