Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Жалған нөмірмен жүрген Toyota Camry Түркістан облысында ұсталды

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген Toyota Camry ұсталып, жүргізуші 5 тәулікке қамауға алынды. Оған 40 АЕК айыппұл салынып, көлік тәркіленді.

Жалған нөмірмен жүрген Toyota Camry Түркістан облысында ұсталды
Сурет: aikyn.kz

Түркістан облысында Алматы — Ташкент — Термез бағытындағы автожолда полицияның цифрлық жүйесі жалған мемлекеттік нөмірі бар Toyota Camry көлігін анықтады. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.

Көлік туралы дерек бірден патрульдік экипажға жолданып, тәртіп сақшылары көлікті тоқтатып, тексеру бастады. Алайда жүргізуші полиция қызметкерінің талабына бағынбай, қашуға тырысқан. Патрульдік полиция құқық бұзушыны жедел ұстады.

Тексеру барысында көлікті Жаңа Тұрмыс ауылының 26 жастағы тұрғыны Давронбек Исломов басқарғаны анықталды. Ол бірнеше бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды: жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланғаны, тиісті құжатсыз көлік жүргізгені және билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін.

Сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.

Полиция жүргізушілерді заңды талаптарды қатаң сақтауға шақырады. Заңға бағынбау және қашу әрекеттері жауапсыз қалмайды.