Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Құрылыс саласының ардагері Жоямерген Бисенұлы 80 жасқа толды

Құрылыс саласының ардагері Жоямерген Бисенұлы 80 жасқа толды

Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов құрылыс саласының ардагері Жоямерген Бисенұлын мерейтойымен құттықтады. Ардагер биыл 80 жасқа толды.

Аудан басшысы қабылдау барысында мерейтой иесінің еңбек жолына тоқталып, оның құрылыс саласына қосқан үлесін жоғары бағалады. Алмасбек Әбілқасымұлы Жоямерген Бисенұлының еңбек жолы ауданның құрылыс саласының қалыптасуымен тікелей байланысты екенін атап өтті.

Ардагер еңбек жолын Қазалы ауданындағы ПМК-1604 құрылыс мекемесінде инженер болып бастаған. Кейін сол мекемеде инженер, құрылыс жұмысын жүргізуші, өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. Содан соң Қазалы «Колхозаралық» құрылыс мекемесінде құрылыс жұмысын жүргізуші, Қазалы аудандық тұтынушылар одағында құрылыс саласын басқарған. Оның басшылығымен аудан орталығында тәулігіне 52 тонна нан өнімдерін шығаратын «Нан» зауыты салынған.

1993 жылдан бастап Жоямерген Бисенұлы «Нан» зауытының директоры, инженері, тұтынушылар одағына қарасты «Авто-машина» тұрағының меңгерушісі, қойма меңгерушісі, іс басқарушы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарған.

Аудан әкімі бүгінде Қазалы ауданында құрылыс саласында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік нысандарды салу және жаңғырту, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыстар елді мекендердің келбетін жақсартып, тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.

Аудан басшысы құрылыс саласының бүгінгі жетістіктерінде Жоямерген Бисенұлы секілді ардагерлердің маңдай тері мен тәжірибесінің орны бар екенін жеткізіп, мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық және ұрпақтарының қызығын көруді тіледі.

Өз кезегінде Жоямерген Бисенұлы аудан басшылығына көрсеткен құрметі үшін алғысын білдіріп, ауданның өсіп-өркендеуіне тілектестігін жеткізді.