Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Құрылыс саласының ардагері Жоямерген Бисенұлы 80 жасқа толды

Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов құрылыс саласының ардагері Жоямерген Бисенұлын 80 жас мерейтойымен құттықтап, еңбек жолын жоғары бағалады.

Құрылыс саласының ардагері Жоямерген Бисенұлы 80 жасқа толды

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов құрылыс саласының ардагері Жоямерген Бисенұлын мерейтойымен құттықтап, арнайы қабылдады. Ардагер биыл 80 жасқа толды.

Қабылдау барысында аудан басшысы мерейтой иесінің еңбек жолына тоқталып, құрылыс саласына қосқан үлесін жоғары бағалады. Ол Жоямерген Бисенұлының еңбек жолы Қазалы ауданындағы ПМК-1604 құрылыс мекемесінде инженер болып басталғанын, кейін сол мекемеде инженер, құрылыс жұмысын жүргізуші, өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы қызметтерін атқарғанын атап өтті.

Сондай-ақ ол Қазалы «Колхозаралық» құрылыс мекемесінде құрылыс жұмысын жүргізуші, Қазалы аудандық тұтынушылар одағында құрылыс саласына басшылық етіп, аудан орталығында тәулігіне 52 тонна нан өнімдерін шығаратын «Нан» зауытының құрылысын басқарғанын еске салды. 1993 жылдан бастап «Нан» зауытының директоры, инженері, тұтынушылар одағына қарасты «Авто-машина» тұрағының меңгерушісі, қойма меңгерушісі, іс басқарушы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарған.

Аудан басшысы Президент пен Үкіметтің, облыс әкімінің қолдауымен Қазалы ауданында құрылыс саласында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік нысандарды салу және жаңғырту, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыстар елді мекендердің келбетін жақсартып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Аудан басшысы құрылыс саласының бүгінгі жетістіктерінде Жоямерген Бисенұлы секілді ардагерлердің еңбегі мен тәжірибесінің орны ерекше екенін жеткізіп, мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық және ұрпақтарының қызығын көруді тіледі.

Өз кезегінде Жоямерген Бисенұлы аудан басшылығына көрсеткен құрметі үшін алғысын білдіріп, ауданның өсіп-өркендеуіне тілектестігін жеткізді.