Астанада жастарға арналған жұмыс жәрмеңкесі өтеді
Астанадағы «Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлайды.
Іс-шараға 50 жұмыс беруші қатысып, жастарға 1 000-нан астам өзекті бос жұмыс орнын ұсынады.
Қатысушылар бос жұмыс орындарымен танысып, еңбек жағдайлары мен жұмыс берушілердің талаптары туралы мәлімет ала алады. Сондай-ақ жәрмеңке барысында тікелей сұхбаттан өту мүмкіндігі де қарастырылған.
Жәрмеңке 27 тамыз күні Республика даңғылы, 34 мекенжайындағы «Жастар» сарайында сағат 14:00-16:00 аралығында өтеді.




