Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Астанада 12 мыңнан астам бейнекамера полиция орталығына қосылды

Астанада 12 мыңнан астам бейнекамера полиция орталығына қосылды
Сурет: aikyn.kz

Астанадағы білім беру ұйымдарындағы 12 мыңнан астам бейнекамера жедел басқару орталығына қосылды. Бұл жобаны елордалық Полиция департаменті Білім басқармасымен бірлесіп жүзеге асыруда.

Қазіргі уақытта қаладағы 224 білім беру ұйымының бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері жедел басқару орталығына шығарылған. Олардың қатарында балабақшалар, мектептер, колледждер және жоғары оқу орындары бар. Жүйеге барлығы 12 мыңнан астам бейнекамера қосылған.

Бұл жүйе білім беру ұйымдарындағы ахуалды тұрақты бақылауға, ықтимал құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтауға және оқиға болған жағдайда полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар орнатылған дабыл түймелері төтенше жағдай туындағанда полицияға шұғыл хабар беруге көмектеседі.

Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен білім беру ұйымдарында 100-ден астам құқықбұзушылық анықталған. Олардың қатарында төбелес, шылым шегу және спирттік ішімдік ішу жағдайлары жиі кездеседі.

Бейнебақылау жүйесін полицияның жедел басқару орталығына шығару – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді тетіктерінің бірі. Оның көмегімен құқықбұзушылықтардың алдын алып қана қоймай, орын алған оқиғаларға жедел ден қоюға және қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік бар.

Полиция білім беру ұйымдарымен бірлесіп, оқушылар мен педагогтер үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастырады.