Нұрсұлтан Жақсыгеннің ісі бойынша сот отырысы өтті
Алматы облысы Қарасай аудандық сотында әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты іс қаралды. Ол айыптарды мойындамады, сот процесі келесі аптада жалғасады.
Алматы облысы Қарасай аудандық сотында әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты іс қаралуда. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.
Сот отырысында актерге бұрынғы әйеліне қатысты жазбалар мен скриншоттар көрсетілді. Алайда Нұрсұлтан Жақсыген өзіне тағылған айыптарды мойындамады.
Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Көптеген қолданушылар әзілкештің тікелей эфирде бұрынғы әйелін балағаттағанын көргендерін жазды.
Нұрсұлтан Жақсыген мен Фариза Алмазқызы арасындағы сот процесі келесі аптада жалғасады. Тараптар өз уәждерін айтып, ұстанымдарын білдірді.
Ендігі шешімді сот шығарады.




