Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

БАӘ-де қаза тапқан қазақстандық апалы-сіңілілердің қазасына СІМ көңіл айтты

БАӘ-нің Шарджа қаласында қазақстандық апалы-сіңілі Ақжан мен Жұлдыз Бохановалар қаза тапты. ҚР СІМ көңіл айтып, консулдық көмек көрсетілуде.

БАӘ-де қаза тапқан қазақстандық апалы-сіңілілердің қазасына СІМ көңіл айтты
Сурет: aikyn.kz

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында қазақстандық екі қыз қаза тапты. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.

Әлеуметтік желіде қаза тапқандардың мәйітін елге қайтаруға көмек сұраған жазбалар жарияланған еді.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның Дубай қаласындағы Бас консулдығы қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Оның ішінде құжаттарды рәсімдеуге және қаза болу мән-жайына қатысты Әмірліктердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесу бар.

Тергеу мүддесіне байланысты қазіргі уақытта қосымша ақпарат жария етілмейді. ҚР СІМ қаза болғандардың отбасыларымен тұрақты байланыста екенін және өз құзыреті шеңберінде қажетті көмек көрсетіп жатқанын жеткізді.