Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстан 42 мемлекетпен автокөлік тасымалы бойынша келісім жасады

Қазақстан 42 мемлекетпен халықаралық автомобиль тасымалы бойынша келісім жасады.

Қазақстан 42 мемлекетпен автокөлік тасымалы бойынша келісім жасады
Сурет: inform.kz

Көлік министрлігі халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы жұмыстардың барысы туралы мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта қажетті институционалдық негіз толық қалыптасқан.

Министрлік атап өткендей, қазақстандық тасымалдаушылар Еуразияның негізгі бағыттары бойынша жүк тасымалдау мүмкіндігіне ие. Осы мақсатта 42 мемлекетпен үкіметаралық келісімдер жасалып, халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру шарттары нақтыланған.

Сонымен қатар, кедергісіз тасымалдарды қамтамасыз ету үшін көршілес елдермен рұқсат беру жүйесін либерализациялау бойынша жұмыс жүргізілуде. Иран және Түрікменстанмен тиісті келісімдер жасалған, ал Түркиямен рұқсатсыз транзитті енгізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген.

Бұдан бөлек, қазақстандық тасымалдаушылар Әзербайжан, Түркия және Қырғызстан аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін электрондық шетелдік рұқсат бланкілерін онлайн рәсімдей алады.