Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қарғалы шыңында турист ауыр жарақат алып, құтқарушылар түні бойы іздеді

Алматы облысындағы Қарғалы шыңында турист ауыр жарақат алып, құтқарушылар түні бойы іздеп, зембілмен түсірді.

Қарғалы шыңында турист ауыр жарақат алып, құтқарушылар түні бойы іздеді
Сурет: aikyn.kz

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Қарғалы шыңының етегінде, теңіз деңгейінен 2600 метр биіктікте бір адам ауыр жарақат алып, таудан түсуге көмек қажет етті.

Құтқару жұмыстарына кедергі келтірген қолайсыз ауа райы – қалың тұман, жаңбыр мен бұршақ – зардап шеккен туристі іздеу, эвакуациялау және тасымалдау жұмыстарын түні бойы жалғастыруға мәжбүр етті.

ҚР ТЖМ Республикалық құтқару қызметінің «Барыс» жасағы Мониторинг және жедел ден қою орталығының мамандарымен бірлесіп, жарақат алған азаматқа жетті. Алдын ала болжам бойынша, ер адамның қолы мен аяғы сынған, сондай-ақ беті мен денесінің басқа бөліктерінде жарақаттар бар.

Зардап шеккен адамды зембілмен таулы жерден төмен түсіріп, одан әрі медициналық көмек алуы үшін Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды.