Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Иран 45 кемені қара тізімге енгізді

Иран 45 кемені қара тізімге енгізді
Сурет: baq.kz

Иран билігі Ормуз бұғазында жүру ережелерін бұзған 45 кемені қара тізімге қосты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Аталған кемелердің иелеріне айыппұл салынуы мүмкін, ал танкерлер ұсталып, жүктері тәркіленуі ықтимал. Тегеран кемелердің нақты қандай ережелерді бұзғанын түсіндірмеген. Бұған дейін Иран кеме иелерінен бұғаздан өтуге рұқсат алып, қауіпсіздік қызметтерінің ақысын төлеуді талап еткен.

Қара тізімге БАӘ-нің ADNOC мұнай компаниясының логистикалық бөлімшесі мен Сауд Арабиясының Bahri компаниясына тиесілі кемелер де енгізілген. Шектеулер осы кемелермен бірге жүк тиеу-түсіру операцияларына қатысатын басқа кемелерге де қолданылуы мүмкін.

Кемені қара тізімнен шығару үшін иесі Иранның теңіз органдарына өтініш беріп, талабын негіздеуі тиіс. Алайда қандай құжаттар қажет екені әзірге белгісіз.

Бұл шешім АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы экономикалық соғыс жариялағанын мәлімдегенінен бірнеше күн өткен соң қабылданды. Иран АҚШ-тың жаңа шараларына «жойқын» жауап беретінін айтты.

Соғысқа дейін Парсы шығанағындағы елдер әлемдік мұнай мен сұйытылған газ жеткізілімдерінің шамамен 20%-ын қамтамасыз еткен. Қақтығыс салдарынан Ормуз бұғазы арқылы танкер қозғалысы азайған. АҚШ энергетика министрі Крис Райттың айтуынша, соңғы аптада бұл бағыттан тәулігіне орта есеппен 8 млн баррельден астам мұнай тасымалданған.