Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Елордада зейнеткер металл іздегіш рамкадан өтерде шалбарын шешіп алды

Астанада 68 жастағы ер адам металл іздегіш рамкадан өтерде шалбарын шешіп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Елордада зейнеткер металл іздегіш рамкадан өтерде шалбарын шешіп алды
Сурет: aikyn.kz

Астанадағы әкімшілік ғимараттардың бірінде 68 жастағы ер адам металл іздегіш рамкадан өту кезінде көпшілік алдында шалбарын шешіп, тәртіп бұзған. Бұл оқиға фронт-офисте болған.

Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқан азаматтың жеке басын анықтады. Ол Өскемен қаласының 68 жастағы тұрғыны болып шықты. Осы әрекетімен ол айналасындағыларға ашық түрде құрметсіздік көрсетіп, қоғамдық орында жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзған.

Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс құжаттары сотқа жіберілді.

Полиция қоғамдық орындарда мінез-құлық нормаларын әдейі елемеуге және айналасындағыларға құрметсіздік танытуға жол берілмейтінін, мұндай әрекеттер заңға сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.