Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

86 жастағы қарияны қызметтік ит Герда қамыс арасынан тауып алды

23 тамызда 86 жастағы ер адам үйінен шығып кетіп, хабарсыз кеткен.

86 жастағы қарияны қызметтік ит Герда қамыс арасынан тауып алды
Сурет: aikyn.kz

23 тамыз күні кешкі сағат 23:50 шамасында полицияға 86 жастағы ер адамның үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, хабарсыз кеткені туралы хабарлама түскен.

Іздеу шараларына кинологтар Рахымжан Ерболат пен Еламан Утеулиев қызметтік іздестіру иті Гердамен бірге жұмылдырылды. Герда жоғалған азаматтың киімін иіскеп, іздеуді оның үйінің алдынан бастады.

Қызметтік ит шамамен 2 шақырым жүріп өтіп, канал маңындағы қамыс арасынан ер адамды тапты. Азаматтың жағдайы жақсы екені анықталды. Ол полиция қызметкерлеріне жедел әрекеті мен көмегі үшін алғысын білдірді.

Герда — 2024 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етіп жүрген қызметтік іздестіру иті. Осы уақыт ішінде ол түрлі іздеу жұмыстарына қатысып, полиция қызметкерлерінің сенімді серігіне айналған.

Қызметтік иттердің жұмысы полиция қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі саналады. Герда секілді іздестіру иттері өз қызметі арқылы адам өмірі мен қауіпсіздігін сақтауға үлес қосып келеді.