Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Бұланды ауданында 72 жұмысшының жалақысы толық өтелді

Бұланды ауданында «Макинск жылу» ШЖҚ МКК-да 72 жұмысшыға жалақы бойынша 8,3 млн теңге берешек өтелді.

Бұланды ауданында 72 жұмысшының жалақысы толық өтелді
Сурет: baq.kz

Бұланды ауданының прокуратурасы жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау аясында жүргізілген тексеру барысында «Макинск жылу» ШЖҚ МКК-да жалақы бойынша берешек анықтады. Талдау нәтижесінде кәсіпорынның 72 қызметкеріне жалпы сомасы 8,3 млн теңге көлемінде еңбекақы төленбегені белгілі болды.

Анықталған бұзушылықтарды жою үшін прокуратура аудан әкіміне прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Сонымен қатар, жалақыны уақтылы төлемегені үшін кәсіпорын директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде берешек толық көлемде өтелді. Осылайша, 72 жұмысшының еңбекақы алу құқығы қалпына келтірілді.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, еңбек заңнамасының сақталуы Бұланды ауданы прокуратурасының тұрақты бақылауында болады.