Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылы Қазақстан халқының 47,7%-ы спортпен айналысады. Қала тұрғындары арасында бұл көрсеткіш 49,3%-ды құрайды.

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады
Сурет: aikyn.kz

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2026 жылы үш жастан асқан Қазақстан тұрғындарының 47,7 пайызы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады. Бұл көрсеткіш 12 000 үй шаруашылығы арасында жүргізілген іріктемелі сауалнама нәтижесінде анықталған.

Зерттеуге қатысқандардың 19,2 пайызы бос уақытында өз бетінше жаттығу жасайды, 28,1 пайызы білім беру ұйымдарындағы спорттық сабақтарға қатысады, ал 0,4 пайызы кәсіби деңгейде спортпен айналысады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,2 пайыздық тармаққа өсіп, 46,5 пайыздан 47,7 пайызға жеткен.

Қала тұрғындары арасында спортпен айналысу деңгейі жоғары – 49,3 пайыз (2025 жылы 48,4 пайыз болған), ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 45,0 пайызды құрайды (2025 жылы 43,5 пайыз). Қалалықтардың 22,2 пайызы өз бетінше жаттығуды таңдаса, ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 13,7 пайызды құрайды.

Өз бетінше спортпен айналысатындардың ең көп үлесі 36-48 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі (28,4 пайыз). Одан кейін 17-28 жас (18,6 пайыз), 58 жастан жоғары (16,6 пайыз), 29-35 жас (16,0 пайыз) және 49-57 жас (15,4 пайыз) топтары келеді.

Өңірлік бөліністе 17-28 жас аралығында өз бетінше жаттығатындардың ең жоғары үлесі Маңғыстау (48,1 пайыз), Қызылорда (31,0 пайыз), Ақтөбе және Ұлытау облыстарында (28,9 пайыз) байқалады. 36-48 жас аралығында Павлодар (42,6 пайыз), Жамбыл (40,8 пайыз) облыстары мен Шымкент қаласы (39,2 пайыз) көш бастаса, 58 жастан жоғарылар арасында Солтүстік Қазақстан (32,7 пайыз), Қостанай (32,2 пайыз) облыстары және Алматы қаласы (30,3 пайыз) алда тұр.

Жыныс бойынша өз бетінше жаттығатындардың үлесі іс жүзінде тең: 51,0 пайызы ерлер, 49,0 пайызы әйелдер. Ерлер арасында 36-48 жас тобы (14,4 пайыз), әйелдер арасында да осы жас тобы (13,9 пайыз) жетекші орында. Қалаларда әйелдердің 43,9 пайызы, ерлердің 34,5 пайызы өз бетінше айналысса, ауылдық жерлерде ерлердің 54,6 пайызы, әйелдердің 32,7 пайызы өз бетінше жаттығады.

Спорт секциялары мен тренажер залдарына ерлердің 8,7 пайызы, әйелдердің 6,6 пайызы қатысады. Тағы 2,5 пайыз ер адам мен 1,5 пайыз әйел ұйымдастырылған сабақтарды өз бетінше жаттығумен ұштастырады. Өз бетінше айналысатын ерлердің ең жоғары үлесі Жамбыл (68,5 пайыз), Түркістан (66,2 пайыз), Қызылорда (60,6 пайыз) облыстары мен Жетісуда (56,9 пайыз) тіркелген. Әйелдер арасында Шымкент (53,8 пайыз), Астана (52,1 пайыз), Ақмола (49,7 пайыз) және Шығыс Қазақстан (46,3 пайыз) облыстары жоғары көрсеткішке ие.