Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +10° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Тоқаев жас дзюдошылардың әлем чемпионатындағы табысын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылардың жеңісін құттықтап, Халықаралық дзюдо федерациясының…

Тоқаев жас дзюдошылардың әлем чемпионатындағы табысын құттықтады
Сурет: aikyn.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық жарыстағы жеңісімен, ал Ғабит Расулханды, Фатима Сұпығалиеваны және Әділжан Жаудиновті жеке сында алтын медаль алғанымен құттықтады.

Қазақстандық спортшылар әлем біріншілігінде 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, барлығы 11 медальмен отандық дзюдо тарихындағы үздік нәтижеге қол жеткізді.

Кеше кешкісін Президент Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен телефон арқылы сөйлесті. Ұйым жетекшісі Мемлекет басшысын балуандарымыздың жастар арасындағы әлемдік турнирдегі бұрын-соңды болмаған жетістігімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Туризм және спорт министрлігімен және ұлттық федерациямен сындарлы ынтымақтастық орнатқаны үшін халықаралық ұйымның басшысына алғыс білдіріп, осының нәтижесінде елімізде дзюдо кеңінен дамып келе жатқанын атап өтті.