Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

«Google салығы» бюджетке 178,8 млрд теңге әкелді: ең көп төлегендер кімдер

Қазақстан бюджетіне «Google салығынан» 178,8 млрд теңге түсті.

«Google салығы» бюджетке 178,8 млрд теңге әкелді: ең көп төлегендер кімдер
Сурет: inform.kz

2026 жылдың басынан бері Қазақстан бюджетіне шетелдік цифрлық сервистер мен маркетплейстер 51,5 млрд теңге аударды. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, «Google салығы» енгізілген 2022 жылдан бері жиынтық түсім 178,8 млрд теңгені құрады (2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша).

«Google салығы» — Қазақстанда интернет арқылы сауда жасайтын немесе электрондық қызмет көрсететін шетелдік компаниялар төлейтін қосылған құн салығы (ҚҚС). Қазір елімізде осындай салық төлейтін 133 шетелдік компания тіркелген, олардың қатарында Apple, Amazon, Alibaba, Adobe, Canva, Google, Meta, Microsoft, Netflix, Ozon, Temu, TikTok және басқалары бар.

2025 жылы шетелдік компаниялар бюджетке 57,6 млрд теңге салық төледі. Ең ірі төлеуші — Сингапурда тіркелген Elementary Innovation Pte. Ltd., ол Temu маркетплейсімен байланысты және қазынаға 13,3 млрд теңге аударған. Одан кейін Apple (11,2 млрд теңге) және Steam платформасының иесі Valve (10,3 млрд теңге) тұр. Google 7,3 млрд теңге, ал iHerb 4,9 млрд теңге төлеген.

Сурет: inform.kz

Алғашқы ондыққа Meta, TikTok, AliExpress және басқа да танымал платформалар енді. Ал Netflix 353,9 млн теңге, Spotify 293,1 млн теңге, Zoom 183,2 млн теңге, Nintendo 54 млн теңге, Coursera 33,2 млн теңге, Samsung Electronics 9 млн теңге, ал IMDb.com 375,7 мың теңге салық төлеген.

Мемлекеттік кірістер комитетінің түсіндіруінше, кейбір тіркелген компаниялар ҚҚС төлемеуі мүмкін, себебі олар қазақстандық тұтынушыларға қызмет көрсетпеген немесе тауар сатпаған кезеңдерде салық төленбейді.

«Google салығынан» түсетін қаржы жыл сайын артып келеді: 2022 жылы 10,4 млрд теңге, 2023 жылы 24,3 млрд теңге, 2024 жылы 35 млрд теңге, 2025 жылы 57,6 млрд теңге болды. 2026 жылдың жеті айында 51,5 млрд теңге жиналды, бұл былтырғы жылдық көрсеткіштен асып түсуі мүмкін.