Қазақстан әлемдік рейтингте 77-орында
Қазақстан Global Relocation Index рейтингінде 77-орында, ал АҚШ Мемлекеттік департаменті елді қауіп деңгейі ең төмен мемлекеттер қатарына қосты.
Global Relocation Index рейтингінде Қазақстан 192 елдің ішінде 77-орынға тұрақтады. Сарапшылар бағалау кезінде өмір сүру құны, қауіпсіздік деңгейі, денсаулық сақтау сапасы және салық тиімділігін ескерген.
АҚШ Мемлекеттік департаменті Қазақстанды қауіп деңгейі ең төмен мемлекеттер қатарына қосты. Зерттеуде 4 деңгей қарастырылған, ал Қазақстан Канада, Жапония, Португалия сияқты елдермен бірге бірінші деңгейде орналасқан.
Соңғы 7 жылда елімізде жоғары оқу орындарындағы грант саны 1,5 есеге артқан. Ғылым саласын қаржыландыру 6 есеге өскен. Ғалымдардың жалақысы 2 есе көбейіп, оларға 720 пәтер берілген.
Бұған дейін Қазақстан әл-ауқат индексінде 66-орында екені хабарланған болатын.




