Қытайлық «Найзағай» роботы 100 метрге 9,32 секундта жүгіріп, әлемдік рекорд орнатты
Қытайлық «Найзағай» гуманоид роботы 100 метрге 9,32 секундта жүгіріп, әлемдік рекорд орнатты. Жарыс 22 тамызда Гуманоид роботтар ойындарының алдында өтті.
Қытайда «Найзағай» деп аталатын гуманоид робот 100 метр қашықтықты 9,32 секундта жүгіріп өтіп, жаңа әлемдік рекорд жасады. Бұл жетістік 22 тамызда Гуманоид роботтардың екінші дүниежүзілік ойындарының алдындағы сынақ жарысында тіркелді.
Жарыс барысында роботтың ең жоғары жылдамдығы секундына 14,5 метрге жеткен. «Найзағай» 22-26 тамыз аралығында Қытай астанасында өтіп жатқан турнирде 100, 400 және 1500 метр қашықтықтарға жүгіруден сынға түседі.
Ойындар бағдарламасына 51 спорт түрі бойынша 1300-ден астам жарыс енгізілген. Биыл алғаш рет ұзындыққа секіру, ауыр атлетика, арқан тарту және үстел теннисі сияқты спорт түрлері қосылды. Ойындарға 16 елден 2056 робот пен 666 команда қатысуда.




