Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Елімізде өкпе обырын ерте анықтау акциясы қорытындыланды

Қазақстанда өкпе обырын ерте анықтау апталығы аяқталды. 1 287 адам кеңес алып, 914-і томографиядан өтті, 39 адамнан қатерлі ісікке күдік табылды.

Елімізде өкпе обырын ерте анықтау акциясы қорытындыланды
Сурет: aikyn.kz

Қазақстанда өкпе обыры туралы ақпараттандыру апталығы аяқталды. Осы шара аясында 1 287 адам онколог мамандардан кеңес алды, оның 914-і төмен дозалы компьютерлік томографиядан өтті.

Скрининг нәтижесінде 39 адамнан (4,3%) өкпеде қатерлі ісікке күдік тудыратын өзгерістер табылды. Олар толық тексеруге жіберілді. Сондай-ақ 70 адамда (7,7%) қатерлі ісік алды өзгерістер, ал 433 адамда (47,4%) басқа да аурулар анықталды.

Акцияға еліміздің тұрғындарымен қатар шетелде жүрген қазақстандықтар да қатысты. Германиядан келген екі отандасымыз елде болған кезінде тексеруден өтті.

Мамандардың пікірінше, мұндай шаралар ауруды ерте сатысында анықтап, емді уақытында бастауға септігін тигізеді. Сондықтан өкпе обыры бойынша қауіп тобындағы азаматтарға профилактикалық тексеруден өтуді кейінге қалдырмай, дәрігерге қаралу ұсынылады.