Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Тауда адасқан ер адамды құтқарушылар шатырдан тапты

Жетісу облысында тауда адасқан ер адам құтқарушылар тарапынан шатырдан табылып, қауіпсіз жерге жеткізілді.

Тауда адасқан ер адамды құтқарушылар шатырдан тапты
Сурет: baq.kz

Жетісу облысы Ақсу ауданындағы таулы аймақта бірнеше күн бойы іздестірілген ер адам аман-есен табылды. Оқиға 19 тамызда басталған: ол тауға аттанып, екі күннен соң оралуды жоспарлаған. Алайда үшінші күні ол байланысқа шықпай, үйіне келмеген соң, туыстары «112» пультіне хабарласқан.

Іздеу шараларына ТЖМ қызметкерлері мен «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды. Ер адам теңіз деңгейінен шамамен 2000 метр биіктіктегі таулы жерде, шатырдың ішінен табылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмаған.

Құтқарушылар оны қауіпсіз жерге жеткізіп, кейін таудың етегінде қалдырылған автокөлігіне дейін алып барды.