Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионатына 45 атлетпен қатысады
Қазақстанның жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды. 45 атлет Ташкентте өтетін бәсекеде ел намысын қорғайды.
Қазақстан жеңіл атлетика командасының Орталық Азия чемпионатына қатысатын құрамы жарияланды. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын Ұлттық команда тізіміне 45 атлет енді, оның 24-і ер, 21-і әйел.
23-25 тамыз аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте жеңіл атлетикадан ересектер арасындағы III Ашық Орталық Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан намысын биіктікке секіру, үш қарғып секіру және қысқа қашықтықтарға жүгіру сынды сында тәжірибелі спортшылар қорғайды.
Ерлер құрамы
- 100 метр: Алмат Төлебаев, Богдан Чернобай, Руслан Құрманалиев, Виталий Земс.
- 200 метр: Руслан Құрманалиев, Георгий Глаголев, Виталий Земс, Алан Иванов.
- 400 метр: Михаил Литвин, Алан Иванов, Георгий Глаголев.
- 800 метр: Никита Изотов, Александр Бектасов.
- 110 метр кедергілер арқылы жүгіру: Евгений Прокудин, Давид Ефремов.
- 400 метр кедергілер арқылы жүгіру: Қанағат Манаш.
- 3000 метр стипль-чез: Заңғар Алғожаұлы.
- Ұзындыққа секіру: Әлинұр Бақыталы, Даниил Момот, Асан Азаматұлы, Ромео Петров.
- Үш қарғып секіру: Зелимхан Насыров, Глеб Гладилов.
- Ядро лақтыру: Бексұлтан Елікбаев, Иван Иванов, Вадим Пессоцкий.
- Диск лақтыру: Вадим Пессоцкий.
- Найза лақтыру: Алексей Хлыстов, Артур Гафнер.
- 4×100 м эстафета: Алмат Төлебаев, Виталий Земс, Давид Ефремов, Богдан Чернобай, Руслан Құрманалиев.




