Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Алматы тауларында мотоциклден құлаған турист құтқарылды

Алматыдағы «Үш ағайынды» шыңында мотоциклден құлаған турист құтқарылды. Оқиға орнына құтқарушылар жетіп, алғашқы көмек көрсетіп, таудан түсірді.

Алматы тауларында мотоциклден құлаған турист құтқарылды
Сурет: aikyn.kz

Алматы маңындағы таулы аймақта мотоциклмен жүріп келе жатып құлаған ер адам құтқарушылардың көмегімен аман алынды. Оқиға Медеу ауданындағы теңіз деңгейінен 2860 метр биіктікте орналасқан «Үш ағайынды» шыңында тіркелген.

1988 жылы туған ер адам тау соқпағымен мотоциклмен келе жатып құлап, қолынан жарақат алған. Оқиға орнына Алматы қаласының Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары жіберілді.

Құтқарушылар зардап шеккен адаммен байланысып, геолокация арқылы оның нақты орнын анықтаған. Олар жеткен соң алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жарақаттанған қолын таңған.

Кейін турист таудан түсіріліп, «Алма-Арасан» экобекетіне жеткізілді. Онда ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Дәрігерлер оның сол қолы сынғанын анықтап, медициналық мекемеге жеткізді.