Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Бұқтырмада жоғалған екі демалушы құтқарылды

Бұқтырмада жоғалған екі демалушы құтқарылды
Сурет: aikyn.kz

Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында ер адам мен әйел қайықпен суға шығып, ұзақ уақыт бойы демалыс базасына оралмаған. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлайды.

Оқиға бүгін болған. Демалушылардың туыстары үш сағаттан кейін алаңдап, құтқарушыларға хабарласқан.

Құтқарушылар іздеу жұмыстарын жүргізіп, жоғалған адамдарды жағадан шамамен 2 шақырым жерден тапты. Ер адам мен әйел жағаға жеткізілді, оларға медициналық көмек қажет болмады.