Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстанда газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетті

Қазақстанда газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетті. Соңғы алты жылда 4 млн адам газға қол жеткізді, 2026 жылы 40 жоба іске асырылуда.

Қазақстанда газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетті
Сурет: baq.kz

Соңғы алты жылда Қазақстанда табиғи газға қолжетімділік айтарлықтай кеңейді. Елдегі газдандыру көрсеткіші 51%-дан 64,2%-ға дейін өсіп, шамамен 4 миллион азамат алғаш рет газбен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта газбен қамтылған халық саны 9,1 миллионнан 13,1 миллионға жетті.

Осы кезеңде 1 мыңнан астам елді мекен газдандыру жұмыстарына қамтылып, 20 мың шақырым газ тарату желісі салынды. Бұл нәтиже газ тасымалдау жүйелерін дамытуға және жаңа елді мекендерді қосуға бағытталған инфрақұрылымдық жобалардың арқасында қол жеткізілді.

Өткен жылы ғана 94 елді мекендегі 354 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізді. Бір жыл ішінде шамамен 2 мың шақырым газ тарату желісі пайдалануға берілді.

2026 жылы газ инфрақұрылымын дамыту жалғасуда. Қазір 40 жоба іске асырылуда, оның 7-уі өтпелі, 33-і жаңа. Осы жобалар аясында биыл тағы шамамен 36 мың адам табиғи газға қол жеткізеді деп күтілуде.

Солтүстік өңірлерді газдандыру үшін «Ишим – Астана» магистральдық газ құбырын салу жобасы маңызды. Қазақстан Үкіметі мен «Газпром» арасында тиісті меморандумға қол қойылды. Бұл жоба Астана, Көкшетау және Петропавл қалаларын сенімді газбен қамтамасыз етіп, солтүстік өңірлерге газ жеткізу бағыттарын әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Газдандыруды одан әрі кеңейту Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады. 2035 жылға қарай халықтың табиғи газбен қамтамасыз етілу деңгейін 80%-ға жеткізу жоспарлануда.