Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +10° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстандық дзюдошы кадеттер арасында әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Ғабит Расулхан кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионы атанды. Финалда канадалық Роман Семирозумды жеңді.

Қазақстандық дзюдошы кадеттер арасында әлем чемпионы атанды
Сурет: aikyn.kz

Гуаякильде өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан атынан сынға түскен Ғабит Расулхан алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты хабарлады.

60 келіге дейінгі салмақ додасында қазақстандық спортшы финалда Канада өкілі Роман Семирозумды ұтып, ел қоржынына алтын салды. Жолда Алжир, Түркия, Украина және Жапония балуандарынан басым түсті. Жартылай финалда жапониялық Дайчи Ташироны иппонмен жеңіп, шешуші белдесуге жолдама алды.

Чемпионаттың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бір алтын, екі күміс және екі қола медаль иеленді. Бұл нәтиже ұлттық құрамаға жалпы медальдық есепте көш бастауға мүмкіндік берді.

Биылғы жарысқа 59 елден 457 жас дзюдошы қатысуда. Чемпионат 20-23 тамыз аралығында Эквадордың Гуаякиль қаласында өтуде.