Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Бекасыл Асамбек U20 әлем чемпионатында күміс алды

Бекасыл Асамбек U20 әлем чемпионатында күміс алды
Сурет: aikyn.kz

Братиславада өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлайды.

Отандасымыз 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалда АҚШ өкілі Аарон Джеймс Сейделмен кездесті. Белдесу қорытындысы бойынша америкалық балуан басым түсті.

ҚР ҰОК мәліметінше, 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев қола жүлде үшін белдесуде жапониялық Нацура Окадзаваға есе жіберді.

Осылайша, еркін күрестен Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс медаль бар.