Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Павлодар облысында отбасы үшем сәбиді қарсы алды

Павлодар облысында Түсіпбековтер отбасында үшем дүниеге келді. 34 жастағы ана жеті баланың анасы атанды. Барлық баланың есімі «Е» әрпінен басталады.

Павлодар облысында отбасы үшем сәбиді қарсы алды
Сурет: baq.kz

Павлодар облысында Түсіпбековтер отбасында үшем дүниеге келді. 34 жастағы Елдана Дүйсенова 10 тамызда бір қыз бен екі ұлды босанды, енді ол жеті баланың анасы.

21 тамызда ана мен нәрестелер Павлодардағы перинаталдық орталықтан шығарылды. Бұған дейін ерлі-зайыптының төрт баласы болған, олардың үлкені 14 жаста, кенжесі үш жаста. Елдананың айтуынша, жүктілік табиғи жолмен болған.

Отбасы тағы бір қызды жоспарлаған еді, бірақ тағдыр оларға үш сәбиді бірдей сыйлады. Нәрестелер екі минут аралықпен дүниеге келген: алдымен 2408 грамм салмақтағы Елнара, содан кейін екі келіден сәл асатын Елнияр мен Елдияр.

Отағасы Ермек Түсіпбеков бұл оқиғаны «үш еселенген бақыт» деп сипаттады. Отбасының ерекшелігі – барлық баланың есімі «Е» әрпінен басталады, бұл дәстүр тұңғышы Ермағамбет туған кезде басталған.

Ермек патрульдік полиция инспекторы, ал Елдана декретке дейін Павлодар ауданындағы балалар өнер мектебін басқарған. Қазір жеті балалы отбасы төрт бөлмелі жеке үйде тұрады, алдағы уақытта ипотека рәсімдеп, баспананы кеңейтуді жоспарлап отыр. Алғашқы кезеңде үшемді күтуге әжелер көмектеспек.