Шымкентте Қазиев көшесінің жаңа бөлігі қозғалысқа ашылды
Шымкент қаласында Қазиев көшесінің Арғынбеков көшесінен Төлеметов көшесіне дейінгі учаскесі толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Жоба бойынша төрт жолақты жол салынып, жиектеріне ирригациялық жүйе орнатылды. Сондай-ақ, жол инфрақұрылымы мен абаттандыру жұмыстары да толық аяқталды.

Жаңа жол солтүстік бағыттағы көлік кептелісін азайтып, қозғалысты жеңілдетеді. Сонымен қатар, Бәйдібек би даңғылына балама бағыт болады.
Бұл жолдың іске қосылуы Ақжайық және Шымсити шағынаудандары тұрғындарының қала орталығына қатынауын жеңілдетіп, көлік қозғалысының қолайлылығын арттырады.




