Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Пияз бен картоп бағасы апта ішінде қаншаға төмендеді

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, апта ішінде пияз, картоп, алма және басқа да азық-түлік бағасы төмендеген.

Пияз бен картоп бағасы апта ішінде қаншаға төмендеді
Сурет: aikyn.kz

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, өткен аптада бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеген. Атап айтқанда, пияз 4,9 пайызға, картоп 4,1 пайызға, алма 2,7 пайызға, ақ қауданды қырыққабат 2,2 пайызға, сәбіз 1,9 пайызға, қияр 1,5 пайызға, қой еті (сүйексіз) 0,6 пайызға, қызанақ 0,4 пайызға арзандаған.

Сонымен қатар, есепті кезеңде бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны, қаймақ, сары май және тұз бағасы өзгеріссіз қалған.

Өңірлер бойынша қарағанда, бірнеше қалада дефляциялық үрдіс байқалған. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы бағасы бір апта ішінде Қарағандыда 0,7 пайызға, Көкшетау мен Өскеменде 0,5 пайызға, Қонаевта 0,4 пайызға, Жезқазған мен Талдықорғанда 0,3 пайызға төмендеген.

Ал Астана, Шымкент, Ақтөбе, Орал, Павлодар, Петропавл және Семей қалаларында баға деңгейі алдыңғы аптамен салыстырғанда өзгермеген.

Республика бойынша пияздың орташа бағасы 1 келісіне 188 теңгені құраған, ең төмен баға Түркістан қаласында тіркелген — 135 теңге. Картоптың орташа бағасы 1 келісіне 248 теңге болса, ең арзан баға Павлодарда (180 теңге) және Түркістанда (218 теңге) қалыптасқан. Алманың орташа бағасы 1 келісіне 776 теңге, ең төмен баға Шымкентте — 639 теңге.