Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +7° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Жәнібек ауданындағы өрт: екі үй және шаруашылық құрылыстар жанды

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылында екі тұрғын үйден өрт шығып, оқиға орнына жедел қызметтер жұмылдырылды.

Жәнібек ауданындағы өрт: екі үй және шаруашылық құрылыстар жанды
Сурет: baq.kz

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданына қарасты Ұзынкөл ауылында екі тұрғын үйден өрт шыққаны туралы дерек «112» пультіне түскен.

Ауыл өрт сөндіру бекетінен шамамен 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, Жастар алаңы көшесіндегі екі екіпәтерлі тұрғын үй, шаруашылық құрылыстар және үйлердің бірінің ауласындағы шөп жанып жатқан.

Өртті сөндіруге ТЖМ, жергілікті атқарушы орган, ҰҚК Шекара қызметі және Полиция департаментінің күштері мен техникасы жұмылдырылды. Өрт толық сөндірілді.

Баспанасыз қалған тұрғындарға көмек ретінде Жәнібек ауданы әкімдігі уақытша баспана беруді ұйымдастырып жатыр.

https://t.me/qr_tjm/41380