Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

АҚШ «Хезболланы» қаржыландырған 10 адамға санкция жариялады

АҚШ «Хезболланы» қаржыландырған 10 адамға санкция жариялады
Сурет: baq.kz

АҚШ Қаржы министрлігі «Хезболла» ұйымына қаржылай қолдау көрсеткен 10 адамды санкциялық тізімге енгізді. Бұл туралы ведомствоның ресми мәлімдемесінде айтылған.

Санкцияға іліккендер «Хезболлаға» ақша аударуға қатысы бар қаржылық желінің мүшелері ретінде аталады. АҚШ тарапының хабарлауынша, бұл желі Ливан, Түркия, БАӘ және Иран арасында коммерциялық рейстермен қатынайтын курьерлер арқылы жүздеген миллион доллар тасымалдаған.

Вашингтонның пайымдауынша, мұндай схема ұйымға шетел валютасын алуға және қолданыстағы санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік берген. Шектеулерге іліккендердің қатарында Түркия азаматтары да бар.

АҚШ «Хезболланы» террористік ұйым деп таниды және оны Иран мен Ислам революциясы сақшылар корпусы қолдайды деп есептейді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы «экономикалық соғыс пен оқшаулау» басталатынын мәлімдеген. Ол Тегеранға қолдау көрсететін қаржы институттары, кәсіпорындар, әуежайлар немесе мемлекеттік құрылымдар АҚШ тарапынан қатаң экономикалық шараларға тап болуы мүмкін екенін ескерткен.