Астанада 2026-2030 жылдарға арналған білім гранттарының иегерлері анықталды
Астана әкімдігі 2026-2030 жылдарға арналған білім гранттарының иегерлерін бекітті. Тізім ресми сайтта жарияланды.
Астана қаласы әкімдігі 2026-2030 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру гранттарын иеленушілердің тізімін бекітті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Шешім жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру гранттарын тағайындау қағидаларына сәйкес қабылданды. Грант иегерлерін анықтау барысында еңбек нарығының қажеттіліктері ескерілді.
Бекіту жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның 2026 жылғы 20 тамыздағы отырысының хаттамасы негізінде жүзеге асты.
Әкімдік грантын иеленгендердің толық тізімі елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.




