Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Астана архиві «Бәйтерек» стансасында фотоқұжаттар көрмесін өткізді

Астана архиві «Бәйтерек» стансасында фотоқұжаттар көрмесін өткізді
Сурет: aikyn.kz

Астана қаласының Мемлекеттік архиві жеңіл рельсті көлік жүйесінің (Tarlan Astana) «Бәйтерек» стансасында «Тарихтан тағылым, бүгінге тағзым, болашаққа бағдар» атты фотоқұжаттар көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеде елорданың өткені мен бүгінін, болашағын қамтитын тарихи құжаттар мен фотоматериалдар көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шара «Тарихтан тағылым», «Бүгінге тағзым», «Болашаққа бағдар» деген тақырыптық бөлімдерге бөлініп, Астана қаласының қалыптасу тарихы, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы, қаланың заманауи келбеті мен болашақ даму бағыттары туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар іс-шара барысында қазақтың белгілі композиторы Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» және «Айналдым, елім» әндері орындалды. Астана қаласы Мемлекеттік архиві басшысының міндетін атқарушы Ардақ Мұқашеваның айтуынша, мұндай қуатты әндер елордалықтарға жақсы әсер сыйлады.

Фотоқұжаттар көрмесі келушілердің қызығушылығын тудырды. Мұнда елорда тарихы архив құжаттары арқылы дәріптеліп, өткен мен бүгінгі күнді сабақтастырды.