Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

«Баян Сұлу» кондитерлік кешені Қостанай облысында іске қосылды

Қостанай облысында «Баян Сұлу» АҚ-ның «Кондитерлік астана» технологиялық кешені іске қосылды.

«Баян Сұлу» кондитерлік кешені Қостанай облысында іске қосылды
Сурет: aikyn.kz

Қостанай облысында тамақ өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобалардың бірі – «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының «Кондитерлік астана» технологиялық кешені іске қосылды. Бұл жоба қосылған құны жоғары өнім өндіруге және отандық өндіріс көлемін ұлғайтуға бағытталған.

Қазіргі уақытта кәсіпорынға 14,6 млрд теңге инвестиция салынған. Қосымша өндірістік желілер орнатылғаннан кейін инвестициялардың жалпы көлемі 20 млрд теңгеге дейін жеткізіледі деп күтілуде.

Жаңа кешен жыл сайын қосымша 16,6 мың тонна кондитерлік өнім өндіретін болады. Негізгі басымдық бисквит өнімдері мен печенье өндірісіне беріледі.

Өндірістің ұлғаюы кәсіпорынға өнім түрлерін едәуір кеңейтіп, өндіріс көлемін арттыруға және нарықтағы жоғары бәсекелестік жағдайында қазақстандық өндірушінің ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, компанияның экспорттық әлеуеті де артады.

Бұл өңір экономикасының дамуына да оң ықпал етеді. Кәсіпорын қызметінен түсетін салық түсімдері жылына 4 млрд теңгені құрайды деп күтілуде. Өндіріс көлемінің өсуі көлік-логистика саласына, шикізат пен орау материалдарын жеткізушілерге, сондай-ақ аралас салалардағы басқа да кәсіпорындарға қосымша серпін бермек.

«Баян Сұлу» – 50 жылдан астам тарихы бар Қазақстандағы ірі кондитерлік кәсіпорындардың бірі. Компанияның өнімдері ішкі нарықта ғана емес, ТМД елдеріне, Еуропа мемлекеттеріне және Қытайға да экспортталады.