Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Кәмшат Жолдыбаева сәбилі болғанын растады

Кәмшат Жолдыбаева «Оян» бағдарламасында сәбилі болғанын растап, қызының есімін құпия ұстайтынын айтты.

Кәмшат Жолдыбаева сәбилі болғанын растады
Сурет: aikyn.kz

Әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева «Хабар» арнасындағы «Оян» бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өмірі мен отбасы жайында сыр шертті. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.

Өнер иесі сұхбат барысында сәбилі болғанын растады, алайда қызының есімін құпия сақтағысы келетінін жеткізді.

«Жеке өмірімді жариялай бермейтінмін. Өйткені ол – менің алтын қазынам, мен үшін өте құнды. Жолдасымның да ұстанымы сондай. Бұйыртса, балаларымыз өскенде көпшілікке танылғымыз келеді десе, жағдай өзгеруі мүмкін. Бұл – олардың өз құқығы», – деді әнші.

Сонымен қатар Кәмшат Жолдыбаева Ақтөбеге келін болып түскенін айтып, сол жаққа барғанда дәстүр бойынша орамал тағып, сәлем салатынын да тілге тиек етті.

«Қайын жұртым Ақтөбеде. Ағайын-туыстың көбі сол жақта. Біз Алматыда тұрамыз. Ақтөбеге барсақ, бір апта немесе он күнге ғана барамыз. Сол күндері жеңгемін, келінмін, басыма орамал тағып, сәлем саламын. Қалған өмірім осында, Алматыда өтіп жатыр», – дейді Кәмшат Жолдыбаева.

https://www.instagram.com/p/DcMCxgOMDhH/